№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі Қамқоршылық кеңесі отырысы Хаттама № 3
№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі
Қамқоршылық кеңесі отырысы
Хаттама № 3
Күні: 31.05.2021ж
Қатысқаны: 14
Қатыспағандар: 0
Күн тәртібінде:
- 2020 –2021 оқу жылы бойынша мектеп директордың есебі.
- Шектеу шаралары оның ішінде карантин кезеңінде мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ді ұйымдастыру талаптарын қамтамасыз ету,Мектеп бітіруші түлектерге арналған кештің болмайтындығы туралы түсіндіру жұмыстары.
Тыңдалды:
Мектеп директоры Арыстанбеков Нұржан Айдарханұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігінің 2017 жылдағы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгі қағидаларын бекіту туралы» ережесін негізге ала отырып, білім мекемесінде қайырымдылық көмектің жұмсалуы туралы есебін берді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемея кезеңінде білім алушылар мен педагогтардың,кіші қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуын алдын алу шараларын қатаң сақтай отырып мектебімізде оқушылар дәстүрлі білім алуда.Дәстүрлі оқыту форматы оқытудың негізгі нысанасы болып қалатыны туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Балаларға мектеп формасы өздеріне ыңғайлы,ұқыпты іскерлік стильдегі киімде сабаққа қатысуға рұқсат берілді.Мектепте санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша
күшейтілді.Оқушылар әр түрлі уақытта,ара-қашықтық сақтай отырып тек бір кабинетте оқиды,үзілістері де әр түрлі уақытқа қойылған.Мектебімізге кіреберісте дезинфекциялау сулықтарымен өңдеуге арналған орын ұйымдастырылған, дезинфекциялау кілемшесі,тұрақты қол гигиенасы үшін ортақ пайдаланылатын орындарда қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, епловизорлар,санитайзерлер,сонымен қатар әжетханада жеке қағаз сүлгілер қақпағын ашуға арналған аяқ педалі бар қоқыс контейнерлері орнатылған.Сондай-ақ дене қызуын өлшеу,ауаны тазарту,кварцтау және сыныптарды ылғалдандыру режимі қатаң сақталынып отырылады.Персоналды келушілермен жұмыс істеу кезінде пайдалану үшін бір рет қолданылатын медициналық маскалармен (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстырудың ұзақтығына қарай 2 сағатта кемінде 1 рет), сондай-ақ қолды өңдеу үшін дезинфекциялау сулықтарымен немесе тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілген. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануға жол берілмейді.Персоналдың жұмыс орындары арасында қашықтықты (1,5 метрден кем емес) сақтай отырып барынша аз мөлшерде болуын қамтамасыз етілуде-деп айтып өтті мектеп директоры.
2020 – 2021 оқу жылында жалпы 157 оқушы,соның ішінде оқушыларды әр түрлі санатқа жіктейтін болсақ аз қамтылған 8 отбасы 21 оқушы,асп 2 отбасы 4 оқушы,көпбалалы 9 отбасы 21 оқушы,жартылай жетім 6 отбасы 8 оқушы,өгей әкесімен 1 отбасы 1 оқушы,үйде оқытылатын
1 отбасынан 1 оқушы. Мемлекет тарапынан тегін ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларынан 24 оқушы қамтылды.Аққайнар ауылынан карантиндік режимді қатаң сақтай отырып 72 бала тасымалдануда.«Мектепке жол» акциясына қатысуына қайырымды адамдар мен,ауылдың ілкімді азаматтары және меценаттарымен жан-жақты үгіт-насихаттар жүргізілу барысында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан 23 оқушыға 65000 (алпыс бес мың) теңгеге мектепке қажетті құрал-жабдықтар 4 оқушыға аяқ-киім алынып берілді. «Мектепке жол» акциясын ары қарай жандандыру барысында демеушілерді,мецанаттарды мектеп әкімшілігімен бірлесіп акцияға тарту аясында қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық универстетінің ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі Нұрланбекова Ерия Қашқынбекқызы 143000 теңгеге «Су таразтқыш диспенсерін» мектебімізге сыйға тартқанын мақтанышпен айтып өтті. Су таразтқыш диспенсерінің үстіне су құйылатын ыдысты 2500 теңгеге және бір реттік пайдаланылатын 800 стаканды мектеп түлегі Салыбаев Бауыржан Көшкінбайұлы сыйға тартып,қазіргі таңда оқушылар су таразтқыш диспенсерін су ішіп отырғанына қуанып,қайырымды жандарымызға алғысын айтып отыр мектеп директоры.
2-ші мәселе бойынша 2020 – 2021 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны жалпы–6, соның ішінде ҰБТ–ге баратын 2 оқушыны атап өтті. Бітіруші түлектермен пән мұғалімдері тестке дайындық жұмыстарын уақытылы, өз діңгейінде жүргізіп отыратынын,ҰБТ-дің өткізу тәртібі мен мерзімі
ҰБТӨП-ге 25 сәуір мен 30 маусым аралығында өткізілетінін,мектеп түлектерінің хабардар екенін,ата-аналарға,түлектерге түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін айтып өтті. Оқушылардың дайындығы директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Амирова үнемі қадағалап отырдығын да айта кетті. Бітірушілер биылғы оқу жылынан бастап электронды форматта тапсыратын болады. Қазіргі уақытта балалар электронды тапсыруға өтініштерін тіркеп жатқанын,балалар электронды түрде Тараз қаласындағы «Ustudy» орталығында өткізілетінін де айтты мектеп директоры. Балалардың өмір қауіпсіздігіне ата – аналар өздері жауап беретінін нақты атап өтті.
Шешімі:
- Мектеп директоры Н.А.Арыстанбековтың Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің алдындағы жылдық есебі қанағаттанарлық деп есептелінсін.
- Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Алтынбаев Ахан.
Қамқоршылық кеңестің мүшелері:
Бірәлі Мұхамеджан
Расилов Алмас
Садыбаева Несіпкүл
Бекетаев Елдар
Шалғынбаев Болат
Дуанбекұлы Нұркен
Джаржанова Анар
Шегетаев Руслан
Хатшы: Д.Қыстаубаеа