№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылғы жыл сайынғы «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы туралы қамқоршылық кеңеске хабарлама
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылғы
жыл сайынғы «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы туралы қамқоршылық кеңеске хабарлама
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2019 жылдан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекенім» қоғамдық бірлестігі atamekenim.kz. порталы арқылы өтініштер мен тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек жинау туралы келісім жасалған.Осы мақсатта мектебімізде «Мектепке жол» акциясына бұйрық шығарылып,іс-шара жоспары құрылып,жауапты мамандар бекітілді.
Биылғы оқу жылында жалпы мектеп бойынша 145 оқушы.Соның ішінде аз қамтылған 12 отбасы 29 оқушы,атаулы әлеуметтік көмек алатын 1 отбасы
3 оқушы,жартылай жетім 5 отбасы 6 оқушы,көпбалалы отбасынан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылар анықталды.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларға көмек көрсету мақсатында ықтимал демеушілерді тарту жолдары қарастырылды. Атап айтсақ
1-10 тамыз аралығында «Ниет» жеке шаруа қожалығының басшысы Алтынбаев Ахан Көктеубайұлы 40000 теңгеге 6 оқушыға сумка мен мектеп
құрал - жабдықтарын сыйға тартты.
10-20 тамыз аралығында Сұрат ауыл мешітінің имамы Абдрахманов Азамат Оразкулұлы 37000 теңгеге 2 оқушыны мектеп формасы,сумка,
аяқ-киім,мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алып берді.
10-20 тамыз аралығында мектеп директоры Арыстанбеков Нұржан Айдарханұлы 15000 теңгеге 1 оқушыға спорттық киім мен мектеп сумкасын сыйға тартты. Директордың оқу жөніндегі орынбасары Амирова Назым Сапарғалиқызы 20000 теңгеге 1 оқушыға мектеп формасын сыйға тартты. Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Абдрасилов Ғани Серікұлы 5000 теңгеге 1 оқушыға мектепке сумка алып берді.Мектебіміздің тәлімгері Ануарбекова Назира Сатыбалдиевна 14000 теңгеге 2 оқушыға мектеп сумкасын сыйға тартты.Сондай-ақ математика пән мұғалімі Құрманалиев Ахат Жапарұлы 5000 теңгеге 5 оқушыға мектепке қажетті
құрал-жабдықтарды алып берді.
Жалпы «Мектепке жол» акциясына қатысуына қайырымды адамдармен,ауылдың ілкімді азаматтарымен және меценаттармен жан-жақты үгіт-насихаттар жүргізілуде. Біз олардың балаларға қол ұшын созып, олармен жүрек жылуын бөлісе алатынына сенім артамыз.
Орындаған: Әлеуметтік педагог Қ.Қыстаубаева