Қамқорлық акциясы
«Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2019 жылғы 10.01 – 10.02 күндері аралығындағы «Қамқорлық» акциясының өткізілгендігі туралы қорытынды хабарламасы
№23 Тескентоған жалпы білім беру мектебінде күнкөрісі төмен, көпбалалы,жартылай жетім және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету, әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ киімінің мектептік керек-жарақтарының) сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында қамқорлық акциясы өткізілді.
Акцияға қатысуына қайырымды адамдар мен,ауылдың ілкімді азаматтары және мецанаттарымен жан-жақты үгіт насихат жүргізілді.
Жиналған қаржыға аз қамсыздандырылған,көпбалалы отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар алынып берілді.Аулаларды аралау барысында мектеппен қамтылмаған балалар анықталған жоқ. 10.01 – 10.02аралығында көмекке мұқтаж балалардың дерек қорын қалыптастыру үшін мектепке бармайтын,тұрмысы қолайсыз отбасыларды ,шаруа қожалықтарда жұмыс атқаратын балаларды анықтау мақсатында рейд жүргізілді.Рейд жүргізу барысында ауылды,мектепке келмей жүрген, шаруа қожалықтарда жұмыс жасайтын балалар анықталған жоқ.