2019-2020 жылындағы №23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебіндегі қамқоршылық кеңес отырысының №10 хаттамасынан анықтама » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2019-2020 жылындағы №23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебіндегі қамқоршылық кеңес отырысының №10 хаттамасынан анықтама
20
желтоқсан
2019

2019-2020 жылындағы №23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебіндегі қамқоршылық кеңес отырысының №10 хаттамасынан анықтама

№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 05.12.2019 күні,сағат   16.00-де №23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінің директоры Н.Арыстанбеков қамқоршылық кеңес мүшелері алдында өзінің жылдық есебін берді. Н.Арыстанбеков өз есебінде мектебімізде 1-11 сыныптар арасында 149 білім алушы білім алып жатқанын,1-10 сыныптар толық жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алатыны туралы айтып өтті.Биылғы оқу жылында мектеп бойынша білім алушылардың білім сапасы 69,6 %-ды көрсетіп отыр. Мұғалімдердің біліктілігіне байланысты  жоғарғы санатты -2  мұғалім ,1 –ші санатты 10 мұғалім,2-ші санатты 5  мұғалім болса,санаты  жоқ мұғалімдер саны -8,жаңаша  педагогтарды  аттестаттау бойынша педагог-зерттеуші санатында-2,педагог-сарапшы  санатында-1, мадератор саны-3 мұғалім бар екендігін,сонымен қатар мектебімізде мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру барысында өз пәндері бойынша  деңгейлік курстан өтулерін жоспарға сай жасап отыратындығын өз баяндамасында айтып өтті. Жалпы мектеп бойынша    деңгейлік курстан өткен 5 мұғалім оның ішінде 2-ші деңгейлі курстан өткен-3 мұғалім,3-ші деңгейлі курстан өткен-3 мұғалім екендігін және   жаңартылған білім мазмұны курстарынан мектеп  мұғалімдерінің 99 пайызы өткені айтылды. Мектеп мұғалімдері облыстық, республикалық қашықтық олимпиадаларға қатысып,жүлделі орынға ие болып жатқаны туралы да айтып өтті. Атап айтсақ математика пән мұғалімі Құрманалиев Рахат қашықтық олимпиадан 1-дәрежелі диплом, биология пән мұғалімі Ниязбекова Асел 2-дәрежелі диплом, химия пән мұғалімі Қыстаубаева Дүйсенкүл 2-дәрежелі диплом,физика пән мұғалімі Сеитова Ақмарал 1-дәрежелі диплом, қазақ тілі пән мұғалімі Шынасилова Жанар 1-дәрежелі диплом, Умирбекова Роза
 2-дәрежелі диплом,АӘД пән мұғалімі Төребаев Бауыржанның «Жас мерген» командасы Меркі аудандық әскери-эстофеталық жарыста бас жүлдені алды және дене шынықтыру пән мұғалімі Қалманбетов Нұржанның оқушылары тоғызқұмалақтан аудандық жарыстарда 2-орын,3-орындарды иеленгендігін атап өтуге болатынын айта кетті. Өткен оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша мектебіміз 104 орташа балымен аудан мектептерінің арасында бесінші орынды иеленгені туралы да өз баяндамасында көрсетіп кетті. Мектебімізде мектепке жол,қамқорлық акциялары ұйымдастырылып әр түрлі санаттағы білім алушыларға көмек көрсетіліп тұратыны туралы да айта кетті. Мектепке Аққайнар ауылынан 75 оқушы тасмалданатынын,мектепте күнделікті кезекшілер қойылатынын,тасмалданатын оқушыларды кезекшілер автобусқа салып,үйлеріне оқушыларды жеткізетін арнайы бір мұғалім бекітілгенін де айтып өтті. 
 
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив