№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебі 2019-2020 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес отырысының №8 хаттамасынан анықтама
Анықтама
23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 29.10.2019 күні,сағат 10.00 де Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция капитаны Ә.Зиятбек қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді. Жиналысқа қатысқандар: Қамқоршылық кеңестің 9 мүшелері,№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінің директоры Н.Арыстанбеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Абдрасилов.Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция капитаны Ә.Зиятбек қамқоршылық кеңес мүшелері алдында № 23 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын жаксарту, қылмыстың алдын алу және оны болдырмау мақсатында есеп беру баяндамасын оқыды. Ол баяндама барысында 1-тоқсанында «Мектепке жол» акциясы, «Мектеп», «Жасөспірім», «Жаяу жүргінші», «Участок», «Учет», «Қауіпсіз жол», «Түнгі қаладағы балалар», «Мен және менің полицейім» «Мектеп және отбасы» атты Республикалық, облыстық жедел алдын алу іс-шарасының өтуі барысында білім бөлімімен АІІБ бірлесе жұмыстар атқарып, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралары жүргізілгендігін, оқушылардың ұялы телефондар, смартфондарына, қымбат, бағалы заттарына мұқият болу қажеттігі ескертіліп отыратындығын, ұрлыққа қарсы қылмыстың алдын алу, жолын кесу бойынша құрылған жоспарына сәйкес, түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін баяндады. Сондай-ақ, мектепте мектепішілік есепте 5 оқушы анықталып отырғандығын, олармен аптасына бір рет кездесу жасалып, профлактикалық әңгіме жүргізілетіндігін,мектеп психологімен бірлесе, бопсалау тақырыбында сауалнама алынып, қорытындысы бойынша қосымша оқушылар анықталмағанын айтып өтті.


Мектеп ережелерін сақтамаған және мектеп ішінде құқық бұзушылық жасаған оқушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатқаны туралы, ата-аналары шақыртылып, оларға мектеп ережесі мен заң туралы түсіндірілгендігі туралы айтылды.
Қамқоршылық кеңес мүшелері және ата-аналар алдыда әлі жоспар бойынша атқарылатын жұмыстар көп, Профилактикалық жұмыстар жандандырылуда.
Мектеп директоры: Н.Арыстанбеков