29
қараша
2019
№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебі 2019-2020 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес отырысының №9 хаттамасынан анықтама
№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 29.11 күні,сағат 16.00-де мектеп инспекторы Ә.Зиятбек қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді.

Жиналысқа қамқоршқ кеңестің 9 мүшелері қатысты,сонымен бірге мектеп директоры Н.Арыстанбеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Абдрасилов қатысты.Мектеп инспекторы Ә.Зиятбек қамқоршылық кеңес мүшелері алдында № 23 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын жаксарту, қылмыстың алдын алу және оны болдырмау мақсатында есеп беру баяндамасын оқыды. Ол өз баяндамасын қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың көбеюі деп сөзін бастады.Мектеп оқушылары арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын жаксарту, қылмыстың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қараша айына құрылған жоспарға сәйкес қараша айының 8-і күні 7-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу бойынша «Заң және жаза» тақырыбында дәріс оқылып профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілгені туралы айтып өтті. «Жасөспірімдер арасындағы және жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықпен қатыгездіктің алдын алу» тақырыбында жаман ойлармен әдеттерден бойларын аулақ ұстап ондай әреткеттерге бармауға немесе ондай әрекеттерден сақтану, балалардың қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылық, қоғамдық мүлікті бүлдірудің алдын алу мақсатында құқықтық тәртіпте дәріс оқылып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың қолдарына жадынамалары таратылғандығы туралы айтылды. Өзінің осы айлық жұмысы барысында сынып жетекшілерімен бірлесіп оқушылардың үйлерін аралап, сабаққа келмей жүрген оқушылардың анықталмағаны туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектепішілік рейдтер жүргізіліп оқушылардың ұялы телефондар, смартфондарына, қымбат, бағалы заттарына мұқият болу қажеттігі ескертіліп,мектепке телефнодарын әкелмеу керектігіне түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігі туралы айтылды.
