№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі Қамқоршылық кеңес Хаттама №2
№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі
Қамқоршылық кеңес
Хаттама №2
Күні: 29.03.2021ж
Қатысқаны: 14
Қатыспағаны: 0
Күн тәртібінде:
- Мектеп инспекторының құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмыстары бойынша есебі.
Тыңдалды:
1. Мәселе бойынша мектеп инспекторы Ә.Зиятбек сөз алыды: Кәмілеттік жасқа толмаған мектеп оқушыларының беймезгіл уақытта көшеде жүрулеріне болмайтындығын, сонымен қатар карантиндик шараларды ұстану керектігін ескертті.Құқық бұзушылықтың алдын – алу бойынша түсінік берілді. Оқушыларға жолда жүру және жаяу жүргіншілер жолағынан өту керектігін және ата – аналарының сабақтан кейін алып кетуге міндетті екендігін ескертті. Оқушының құқық бұзған жағдайда қандай жазаға тартылатыны туралы толық мағлұматтар берілді. Мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, қылмыстың және құқықбұзушылықтың профилактикасы, суицидтің алдын алу, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау және тағы басқа тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп ережелерін сақтамаған және мектеп ішінде құқық бұзушылық жасаған оқушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіледі, ата-аналары шақыртылады, оларға мектеп ережесі мен заң түсіндіріледі.
Шешім:
1.Мектеп инспекторы Ә.Зиятбектің оқушылар қауіпсіздік ережесін және құқық бұзушылықтың алдын – алу туралы іс – шаралар өткізіліп, жауапты мамандандар тарапынан қадағалансын.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Алтынбаев Ахан.
Қамқоршылық кеңестің мүшелері:
Бірәлі Мұхамеджан
Расилов Алмас
Садыбаева Несіпкүл
Бекетаев Елдар
Шалғынбаев Болат
Дуанбекұлы Нұркен
Джаржанова Анар
Шегетаев Руслан
Хатшы: Д.Қыстаубаеа