№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі 2020-2021 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес отырысының №4 хаттамасынан көшірмесі » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі 2020-2021 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес отырысының №4 хаттамасынан көшірмесі
19
қараша
2021

№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі 2020-2021 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес отырысының №4 хаттамасынан көшірмесі

№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі   2020-2021 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес отырысының
 №4 хаттамасынан көшірмесі


    3.10.2021 жыл
 
 

    Отырыс өткен орын:№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі
 Отырыстың басталу уақыты:сағат 16.00
 Отырыстың аяқталу уақыты:17.00


    Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері – 9,№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Н.Арыстанбеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Абдрасилов,Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция капитаны Ә.Зиятбек.
 Қатыспағаны:жоқ
 Хатшы:Қ.Қыстаубаева
 
                                          Күн тәртібінде қаралған мәселе:

  1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
  2.Әлеуметтік желілердің,қымбат смартфондардың пайдасы мен зияны туралы

Тыңдалды:Мектеп директоры Н.Арыстанбеков қамқоршылық кеңес мүшелерін күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Ә.Зиятбек сөз алды:Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың көбеюі.Мектеп  оқушылары арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын жаксарту, қылмыстың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қараша айына құрылған жоспарға сәйкес қараша айының 8-і күні 7-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу бойынша «Заң және жаза» тақырыбында дәріс оқылып профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін баяндады. «Жасөспірімдер арасындағы және жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықпен қатыгездіктің алдын алу» тақырыбында 

жаман ойлармен әдеттерден бойларын аулақ ұстап ондай әреткеттерге бармауға немесе ондай әрекеттерден сақтану, балалардың қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылық, қоғамдық мүлікті бүлдірудің алдын алу мақсатында құқықтық тәртіпте дәріс оқылып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың қолдарына жадынамалары таратылды. Сынып жетекшілерімен бірлесіп оқушылардың үйлері араланып сабақтан бас тартып, сабаққа келмей жүрген оқушылар анықталған жоқтығын баяндады. Әр айда оқушылардың толығымен сабаққа қатысуы қадағаланатынын айтып өтті.Екінші мәселе бойынша да мектеп инспекторы Ә.Зиятбек өз сөзінде мектепішілік рейдтер жүргізіліп,  ұрлыққа қарсы қылмыстың алдын алу, жолын кесу бойынша құрылған жоспарына сәйкес,  оқушылардың ұялы телефондар, смартфондарына, қымбат, бағалы заттарына мұқият болу қажеттігі ескертіліп,мектепке телефнодарын әкелмеу керектігіне түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін баяндады.  Рейд барысында мектеп әкімшілігімен бірлесе, мектеп маңайында орналасқан  дүкен сатушыларымен кәмелет жасқа толмаған оқушыларға алкоголь ішімдігі мен темекі өнімдерін сатуға тыйым салынғандығы жөнінде және сатқан жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 133б, 200 баптары бойынша әкімшілік жазаға тартылатындықтары жөнінде ескерту жасалатынын айтып өтті. 

Мектеп психологімен бірлесе, бопсалау тақырыбына сауалнама алынып, қорытындысы бойынша  қосымша оқушылар анықталған жоқ.

        Құрметті қамқоршылық кеңес мүшелері   алдыда әлі жоспар бойынша атқарылатын жұмыстар көп, Профилактикалық жұмыстар жандандырылуда. 

        Назар салып,тыңдағандарынызға рахмет.


 Мектепке бекітілген полиция қызметін үйлестіру жөніндегі бірлескен жоспар Меркі АПБ ЖПҚ-нің бастығымен келісіліп, мектеп директорымен бекітілген. Жоспар Мектепте оқушылар арасында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда, жас жасақшылармен бірлесе сыныптарда ұялы телефон мен бағалы заттар анықталған жағдайда рейд жасалып, акт толтырылып, ата-анасымен сұхбат  жүргізіледі. Әр жас көмекшінің өз міндеттері бар және олар сол міндеттеріне сәйкес жұмыстарын атқаруда және аптасына бір рет олармен кездесу жүргізіледі.2020-2021 оқу жылының
 1-тоқсанында № 23 ЖОББМ-нің оқушылары арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, қылмыстың және құқық бұзушылықтың профилактикасы, суицидтің алдын алу, жол қауіпсіздік ережелерін сақтау және тағы басқа тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы аталған ата-аналармен айына бір рет кездесу жасалып, профилактикалық әңгіме жүргізіліп,қажет болған жағдайда  үйлеріне акт жасалады.Мектеп психологімен бірлесе, бопсалау тақырыбына сауалнама алынды, қорытындысы бойынша  қосымша оқушылар анықталған жоқ.

Мектеп ережелерін сақтамаған және мектеп ішінде құқық бұзушылық жасаған оқушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіледі, ата-аналары шақыртылады, оларға мектеп ережесі мен заң түсіндіріледі Қамқоршылық кеңес мүшелері және ата-аналар  алдыда әлі жоспар бойынша атқарылатын профилактикалық жұмыстар жандандырылуда деп баяндады мектеп инспекторы. 



Қабылданған қаулы:


   1. Мектеп инспекторы Ә.Зиятбектің 2020-2021 оқу жылында қыркүйек айында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстары бойынша есебі қанағаттанарлық деп танылып,одан әрі жандандырылсын.
 2.Кәмілетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмыстары іс-шаралар жоспарына сай жүргізілсін.


Қамқоршылық кеңестің төрағасы:                       Алтынбаев Ахан.                        

Қамқоршылық кеңестің мүшелері:              
 
                                                                                         Бірәлі Мұхамеджан
                                                                                           Расилов Алмас
                                                                                           Садыбаева Несіпкүл
                                                                                           Балтахаева Индира
                                                                                           Шалғынбаев Болат
                                                                                          Дуанбекұлы  Нүркен
                                                                                           Сейіткамал Маңыз

                                                                                           Шигетаев Руслан  


    Хатшы:                                                                     
       Д.Қыстаубаеа

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив