№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде «Түлек 2022 -Жаңа Қазақстанның ертеңі » тақырыбында өткізілген салтанатты жиынның өтті
№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 25 мамыр күні 2021-2022 оқу жылының аяқталуына арналған "Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі!" салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға мектеп білім алушылары мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Биылғы мектеп бітіруші 5 түлектің барлығы соңғы қоңырауға үлкен дайындықпен, зор қуанышпен қатысты. Салтанатты шараның шымылдығы Қазақстан Респбуликасының Гимнімен ашылды. Мектеп директоры Спанқұлова Айжан Рысқазықызы . «Түлектер, құрметті ұстаздар, ата-аналар. Баршаңызды оқу жылының сәтті аяқталуымен және биылғы маңызды мереке құттықтаймын. Бүгін сіздер тағы бір белесті бағындырып, жаңа бір кезекке аяқ басып жатсыздар. Осы қуанышты сіздермен бөліскеніме қуаныштымын. Баршаңызға сәттілік тілеймін»-деп ақ тілегін білдірді.
Мерекеге келген қонақтар:Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері М.Ж.Қасымова, Ветеринариялық қызмет директоры Бердібаев Серік Сьезбекұлы, Сұрат ауылдық округінің бас маманы Бірәлі Мұхамеджан Есенбекұлы.Құрметті қонақтарға сөз беріліп, оқушылар мен ұстаздарды, мектеп бітіруші түлектерді құттықтады.25 мамыр - мектеп бітіруші түлектер үшін ұмытылмас күн. Себебі, дәл осы күні олар алтын ұя мектептерін тәмамдап, жаңа өмірге қадам басады.Әдеттегідей, түлектерге салтанатты шара ұйымдастырылып, соңғы мәрте қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау сыңғыры. Әр түлектің жүрегін тербеп, жүзіне қуаныш ұялатады Соңғы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы Қосалбек Ұлар мен 1 сынып оқушысы Көшкінбай Айданаға табысталды.
Барлық түлектердің алдағы арманы асқақ, мақсаты айқын.Осы ретте, 11 жыл бойы түлектерге тынбай тәрбие мен сапалы білім берген ұстаздардың еңбегі орасан. Салтанатты шарада мектеп бітірушілер барлық ұстаздарға өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді. Жиын барысында биылғы оқу жылында ғылыми жарыстарға, спорттық шараларға қатысқан ұстаздар мен оқушыларға дипломдар мен алғыс хаттар тапсырылды. Жиында түлектер «Мектеп бітірушілер вальсін» биледі. Шара соңында мектептің оқушылары әндер орындап, түлектер аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырды«Жас түлектердің өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілейміз!»- деп , салтанатты жиын өз мәресіне жетті.





