« №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін » мектебінде 1 - қыркүйек – Білім күні 1- сынып оқушыларына арналған «Кел , балалар оқылық!» тақырыбында салтанатты жиынның өтілуі туралы мәлім
Жамбыл облысы білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің « №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін » мектебінде 1 - қыркүйек – Білім күні 1- сынып оқушыларына арналған «Кел , балалар оқылық!» тақырыбында салтанатты жиынның өтілуі туралы
Мәлімет
Білім күні – жарық мереке. Мектепке келіп, жақсы білім алу – әр оқушының ең басты міндеті. Мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттаған балалар үшін бұл күн өте маңызды, көптен күткен күн. Дәстүр бойынша біздің № 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде де салтанатты шара «1 қыркүйек – Білім күні" өткізілді. Салтанатты жиын мектеп ұжымының аз санымен, карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді. Биылғы жылы Білім күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналды. Мектеп директоры Арыстанбеков Нұржан Айдарханұлына сөз кезегі беріліп, жиналған балалар мен ата-аналарды, мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мықты десаулық пен оқуда табыс , бірінші сыныпқа келген ең кішкентай оқушыларға білім жолында сәт сапар тіледі.
Салтанатты шараға арнайы келген қонағымыз ветеринариялық қызмет директоры Бердібаев Серік Сьезбекұлы мектеп ұжымына және білім жолын енді бастап жатқан 1- сынып оқушыларына ақжарма тілегін арнады.Әліппені салтанатты тапсыру рәсіміне кезек беріліп, 1 сынып оқушылары әліппе туралы тақпақтарын жатқа айтты.Алғашқы қоңырау соғу рәсімін 11 сынып оқушысы Жапар Нұрсұлтан мен 1 сынып оқушысы Өсімжан Інжу жүргізді. Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арнап 6 сынып оқушысы Беделхан Нағима , 7 сынып оқушысы Жақсылық Балауса , 6 сынып оқушысы Жапсарбай Аруна Тәуелсіздік туралы өлең шумақтарын жатқа айтты.1 қыркүйек мерекесі әрқашанда көңілді және ұмытылмас мереке. Оқушылар мен мұғалімдерге жаңа табыс, шығармашылық тілейміз. Білім күні құтты болсын. Еліміздің беделі асқақ болсын!






