Елбасының «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Елін сүйген Ел Аға , Нұр сыйлаған халқына » 1- желтоқсан тұңғыш президент » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Елбасының «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Елін сүйген Ел Аға , Нұр сыйлаған халқына » 1- желтоқсан тұңғыш президент
31
қаңтар
2019

Елбасының «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Елін сүйген Ел Аға , Нұр сыйлаған халқына » 1- желтоқсан тұңғыш президент

Елбасының «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Елін сүйген Ел Аға , Нұр сыйлаған халқына »
1- желтоқсан тұңғыш президент күніне орай өткізілген мерекелік бағдарламаның өтілуі туралы

Хабарлама

№ 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың
30- қараша күні жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру;Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін жастарды тәрбиелеу мақсатында «Елін сүйген Ел Аға , Нұр сыйлаған халқына » тақырыбында мерекелік іс –шара өткізілді. Елбасының өзекжарды ойлары: бөлімінде Жапар
Азат : «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де жердің де иесі екеніңді ұмытпа»- деп, Елбасының сөзін айтып өтті.«Жаса қазағым» әнін Қосалбек Ұ., «Елім менің » әнін Орынбасар Н., «Нұр аға» әнін , «Үш қоңырым » әнін, «Егемен ел » әнін 6- сынып оқушыларының орындауында тамашалады.
10- сынып оқушысы Әділ Мерей анасы Әлжанның рөлін баласы Сұлтанның рөлін 6- сынып оқушысы Жексенбі Азат ойнап көрініс көрсетілді.Елбасы оқушы көзімен…бөлімінде 10- сынып оқушылары Сәбит Рамазан ,Әділ Мерей : «Аумалы-төкпелі, алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақтың, үш ғасыр бодан болған елдің тізгінін Нұрағаңдай азаматтың ұстауы- Алланың халыққа берген сыйы еді. Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жетті.Осы жылдарда біз Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін айқын таныдық »-деп, өз ойларын айтып өтті. « Асқақтай берсін азаттық¬тың Астанасы. Бүкіл түркі дүниесінің, Алты алаштың айбары мен қорғаны бо¬лып отырған Елбасына Алла ұзақ ғұмыр берсін!»- деп , мерекелік іс – шарамызды аяқтадық.
Осы мереке қарсаңында салтанатты жиын өткізіліп, 3 сынып оқушылары «Жас Ұлан » балалар ұйымының қатарына қабылданды.
Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының қатарына өтудің жауапкершілігі мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. Өйткені, «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының 16 желтоқсандағы Тәуелсіздік күні мереке қарсаңында өтті. «Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің белсенді 10 оқушы қабылданды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.Онда мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты
Ұйымға қабылданушы оқушылар өз Отанының патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді.
Жас қабылданушыларға көгілдір галстуктары тағылды . ДТЖО Абдрасилов Ғ. «Жас Ұлан» ұйымына қабылданғандарға құттықтау тілегін айтты. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» Әнұранымен аяқталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив