1-қыркүйек – Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында салтанатты жиынның өтілуі туралы Хабарлама
1-қыркүйек – Білім күніне арналған
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында
салтанатты жиынның өтілуі туралы
Хабарлама
2019 жылғы 1 қыркүйек Білім күні №23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ » тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. ҚР әнұраны орындалды. Мерекеге келген құрметті қонақтар мен қадірлі ауыл тұрғындарын, ата-аналар, ұстаздар және оқушыларды мерекелерімен құттықтап, салтанатты жиынға келген қонақтармен таныстырып,алғашқы құттықтау сөз кезегі Арыстанбеков Нұржан Айдарханұлына берілді.Ауыл тұрғындарын , ұстаздарды , оқушыларды Білім күні мерекесімен құттықтап, ұстаздарға шығармашылық табыс, оқушыларға оқуда озат болуларына тілек білдірді.
Мерекеге келген қонақтар:
Аудандық «Жұмыспен қамту -2020» директоры Дүйсебаев Ербол Кәрібайұлы Сұрат ауылдық округінің бас маманы Бірәлі Мұхамеджан Есімбекұлы. Мектептің «Қамқоршылық кеңесінің » мүшесі, мектеп меценаты Садыбаева Несіпкүл апа.Қонақтарға сөз беріліп , мектеп меценаты Несіпкүл апа мекеме басшысына музыкалық аспап сыйға тартты. Келесі құттықтау сөз кезегі мектеп түлегі, Меркі ауданы прокуратурасының аға прокуроры Қартаңбайұлы Қуанышбек ағаға сөз кезегі берілді.
Серікқұл Ерсұлтан «Бір жұлдызың болайын » әнін , Солтанқұл Ерасыл "Досыма " әнін орындап көпшілік көңілінен шықты.Көркемдік жетекші Сейітбеков Ерік ағайдың орындауында «Менің әкем ең жақсы адам» әні орындалды.
Алғашқы қоңырау соғу рәсімін 11- сынып оқушысы Жапар Азат пен 1 сынып оқушысы Тоқтаған Айша жүргізді.
«Күзбен келген Білім күні құтты болсын! Білім нәрі жандарыңызға шуақ құйып, бойларыңызға нұр себелесін! Еліміз аман , еліміздің беделі асқақ болсын !»- деп, салтанатты жиын да өз мәресіне жетті.