31
қаңтар
2019
«Жарқыра Қазақстан, жарқыра Туған жер !» жаңа жылдық мерекелік бағдарламаның өтілуі туралы
№ 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың 28-желтоқсан күні 8-11 сынып оқушыларының жаңа жылдық мерекелік кеші ұйымдастырылды.Көңілді кешімізді бастамас бұрын мектеп директоры Арыстанбеков Нұржан ағайға сөз кезегі беріліп ,«Жаңа 2019 жыл Сіздерге қуаныш , жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын ! Доңыз жылы ұшқыр арман – қиялдарыңыз бен ақ тілек – ниеттеріңіз орындалатын жарқында көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін »
- деп, тілек білдірді. Сөз кезегі мерекелік кешіміздің құрметті қонағы Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері Иманжанов Абырой Мырзаға берілді. «Барлық бастамалардың бағы жанып , сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін , жаңа білімдерге , жаңаша тәжірибеге , биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін» - деп , мерекелерімен құттықтады. Орынбасар Нұрзаданың орындауында «Арман » әні, Қосалбек Ұлардың орындауында «Жаңа жыл »
әні айтылып көпшілік көңілінен шықты.Аяз ата ұлдарға тапсырма беріп, Ақшақар қыздармен сайыс өткізді.Қызықты ойындар ойнатылып мерекелік кеш қызықты өтті.
«Жаңа 2019 жыл құтты болсын ! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай !Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын!»- деп, думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізді жалғастырдық!