15
желтоқсан
2021
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде марапаттау салтанатты жиыны өткізілді.
2021 жылдың желтоқсан айының 15 жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде марапаттау салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп директоры Спанкулова Айжан Рысказықызы Тәуелсіздік мерекесіне орай, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбектері үшін ұстаздарды марапаттай отырып, тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
