№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде Қ Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 26 қараша күні «Желтоқсан оқиғасы және еліміздің Тәуелсіздігі» тақырыбына мектеп оқушыларымен және Желтоқсан куәгерлерімен кездесуі өткіз » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде Қ Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 26 қараша күні «Желтоқсан оқиғасы және еліміздің Тәуелсіздігі» тақырыбына мектеп оқушыларымен және Желтоқсан куәгерлерімен кездесуі өткіз
26
қараша
2021

№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде Қ Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 26 қараша күні «Желтоқсан оқиғасы және еліміздің Тәуелсіздігі» тақырыбына мектеп оқушыларымен және Желтоқсан куәгерлерімен кездесуі өткіз

№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 26 қараша күні «Желтоқсан оқиғасы және еліміздің Тәуелсіздігі» тақырыбына  мектеп оқушыларымен және Желтоқсан куәгерлерімен  кездесуі өткізілді.
Кездесуге қонақ ретінде шақырылған, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар: Расилов Сапар Мырзакасымович және 23 Тескентоған жобб мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Шинасилова Жанарбүбі Жуматайқызы.
Кездесуді кіріспе сөзбен ашқан тәлімгер Ануарбекова Назира  кездесуге қатысушыларды алда келе жатқан Тәуелсіздік мейрамымен құттықтай отырып, сол тәуелсіздікке жету жолында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ерекше маңызы бар екендігіне тоқталып өтті. Сөз кезегін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Сапар Мырзакасымовичке берілді. Оқиға куәгері сол күндері өзінің және курстастарының Желтоқсан оқиғасына қалай қатысқандарын және қандай жәбір-жапа көргендерін тебірене отырып айтса Жанар Жуматайқызы желтоқсан оқиғасына қалай қатысқандарын және сол үшін оларға комсомол ұйымы мен құқық қорғау органдары тарапынан қалайша қысым жасалғанын, жасы үлкен ағалардың қыздарға араша түсіп, ақтап алмақ болған әрекеттерін толқи отырып, әсерлі етіп айтып берді. Иә, қалай десек те сол бір кездері ел азаматтығы жолында күрескендердің еңбектері еш кеткен жоқ. Әрқайсысының есімдерін ел біле қоймас, дегенмен олар ата-бабаларымызға тән өр рухтарымен халық есінде мәңгі сақталары анық. Жиын соңында мектеп оқушылары желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға арнап  әйгілі ақындардың әндерін шырқады. Мұндай кездесулер жастардың эстетикалық талғамын дамытып, Отанды сүюге деген патриоттық сезімдерін дамытады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив