№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі
06
желтоқсан
2021

№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі

Желтоқсан оқиғасының куәгері- мектеп мақтанышы!
Бүкіл Кеңес Одағын «аяғынан тік тұрғызып», азаттықтың алғашқы лебін төрткүл дүниеге жеткізген Желтоқсан оқиғасы қай уақытта болсын халықтың жадынан өшпейтіндігі анық. Өйткені, сол кездегі өрімдей жастарымыз батыр бабаларымызға тән қайсарлық пен өрлікті, ерлікті әлемге паш етті. Осы жолда жанын пида еткен азаматтар да бар. Жалпы, Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ жастарының қай-қайсысы болсын, зор құрметке лайық. Онда оқиға кезінде ер азаматтарша ерліктің, өрліктің ерен үлгісін көрсете білген қазақ қыздары әңгіме арқауы болған. Олардың іс-әрекеті бүгінгі жастарға үлгі болатыны анық.
Алаңға тек ер жігіттер ғана емес, нәзік жанды, қайсар мінезді қарлағаштарымыздың да қатысқаны барлығымызға мәлім. Сондықтан да олардың бізге жеткізген әр сөзі құнды әрі құрметті деп білеміз.  Соның бірі –№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанар акпей. Ол кіс былай деп баяндайды Шинасилова Жанар Жуматаевна 1967 жылы қаңтар айының 01 жұлдызында Жамбыл облысы, Луговой ауданы , Көкдөнен ауылында (бұрынғы Калинин) дүниеге келген. 1974 жылы №9 Калинин орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып , 1984 жылы 10 сыныпты бітірді. Мектеп бітірген жылы арман қуып, Алматы қаласына А.П.И.И.Я (ағылшын шеттілдер институтына оқуға барып документ тапсырып, емтиханнан өте алмай келеді. Сөйтіп, ауылға келіп 1 жыл қаз.почтада жұмыс істеді. Келесі 1985 жылы Алматыға барып шет тілдер институтына қайта емтихан тапсырып, сол жылы шет тілдер институтының 1 курс студенті атанады. 1986 жылы 2 курс оқып жүрді. Сол жылы шет тілдер институтының Космонавтов Шевченко бойында орналасқан №1 жатақханасында тұрып жатады. 15 желтоқсан күні кешкі сағат 11 шамасында свет өшіп қалды. Комнатада 4 қыз 89 -бөлмеде жатады,3-қабатта. Қалада да свет өшеді екен ғой деп, шұрқырап балконға шығып қарап тұрған.Сол кезде оларды 2 – қабаттағы фаяға жиналыс болады деп шақыртады.Ол Хаджибекова Марта еді. Олар төменге түскен бетте А. Әшімовті бірден тани қояды, жексенбі күні, түні болатын. “Ертең барлықтарыңа сабақ болмайды, Республика алаңына жиналыңдар , Д.А.Қонаевты пенсияға шығарып салу кешіне жиналғалы жатырмыз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив