17
тамыз
2022
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылында 5 мектеп бітіруші түлектер ҰБТ - ге қатысуға өтініш беріп, 5 түлек грант иегерлері атанды.
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылында 5 мектеп бітіруші түлектер ҰБТ - ге қатысуға өтініш беріп, 5 түлек грант иегерлері атанды. Мектеп грант бойынша 100% көрсеткіш көрсетті. Мектеп директоры Спанкулова Айжан Рысказыевна түлектердің ата-аналарын құттықтап, мектеп ұжымы мен ұстаздарға білім мен тәрбие берудегі орасан зор еңбектері үшін алғысын білдірді.
Құрметті түлектер, алдағы уақытта да тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Сендерді білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіреміз. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де туған ауылымыздай сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиiссiңдер. Туға жеріміздің мәртебесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілейміз!