18
шілде
2022
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі
Құрметті ата- аналар! 2022-2023 оқу жылында барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығының талаптарына сәйкес, оқушыларға мектеп формасын сақтау міндеттелетінін мәлімдейді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, барлық 1-ші сыныпқа келетін оқушылар қою- көк түсті мектеп формасын киюі талап етілуде. Ал 2-11 сынып аралығындағы оқушылардың алдын-ала сатылып алынып қойған, басқа түстегі мектеп формасы болса, онда сол форманы тозығы жетіп, киюге жарамсыз болғанша киюіне рұқсат беріледі. Алдағы уақытта мектеп оқушылары тек қою- көк түсті мектеп формасын киетінін ескертеміз.





