№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 1 маусым күні «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны сағат 09:00 де басталып уақытында аяқталды » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 1 маусым күні «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны сағат 09:00 де басталып уақытында аяқталды
01
маусым
2023

№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 1 маусым күні «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны сағат 09:00 де басталып уақытында аяқталды

№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 1 маусым күні «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны сағат 09:00 де басталып уақытында аяқталды. Салтанатты жиын мектеп ауласында 1-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Жиын мемлекеттік гимнмен басталды. Ортаға мектеп бітіруші түлектер мен сынып жетекшісі шақырылды. Салтанатты жиынға қонақ болып аудандық білім бөлімінің әдіскері Абенова Ләззат Акылбеккызы және Сұрат ауылдық округінің әкімі Жантелиев Жасұлан Жұмаханұлы келді.
Салтанатты жиынды ашу рәсімі мектеп директоры Спанкулова Айжан Рысказықызына берілді. Өз кезегінде мектеп директоры 2023 жылғы жас түлектерге ізгі тілектерін білдіріп, алдағы ҰБТ сүрінбей өтулеріне тілектес екенін айтты. Сонымен қатар ДОТІЖО Амирова Назым Сапарғалиқызы оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырып, мектептің үздік ұстаздарын құрмет грамотасымен, мектептің үздік оқушыларын алғыс хат мақтау мадақтау қағазымен марапаттады.
Мектепке 20 жыл бұрын мектепті бітірген түлектерде келіп өздері оқытқан мұғалімдеріне алғыстарын білдіріп, 11 сынып түлектеріне сәт сапар тіледі. Мектепке деген өздерінің сыйларында табыс етті. Атап айтсақ оқушылардың сабаққа кіргенде және сабақ аяқталған уақытта соғылатын қоңыраудың орнына қазақша күй ойнайтын құрылғыны орнатып берді. 1 сынып оқушыларына да сыйлықтарын тарту етті. Мектеп бітіруші түлектер өзерінің ұстаздарға арналған құттықтау сөздері мен әндерін жолдады.
Мектептің "Білім кілтін" 11 сынып білім алушысы алтын белгі үміткері Жимахан Эльанора 10 сынып білім алушысы оқу уздігі Манызқызы Зереге табыстады. Маңызқызы Зере "Білім кілтін" алып 10 сынып оқушыларының атынан мектеп абыройын көтеруге және де ары қарайда биік ұстауға ант берді. Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау құрметі мектебіміздің 11 сынып оқушысы алтын белгі үміткері Жимахан Эльанора мен Жимахан Ринат және 1-сынып білім алушысы Қартаңбай Ұлданаға берілді. Салтанатты жиын соңында 11-сынып оқушылары вальс биін биледі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив