15
желтоқсан
2022
#23Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 15 желтоқсан күні ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәу етер Тәуелсіздік мерекесіне арналған "Тәуелсіздік ең басты бақытымыз тақырыбында салтанатты шара өткізілді.
#23Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 15 желтоқсан күні ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәу етер Тәуелсіздік мерекесіне арналған "Тәуелсіздік ең басты бақытымыз тақырыбында салтанатты шара өткізілді. Бұл іс-шараға желтоқсан оқиғасының куәгерлері Жанатоған ауылдық округының ветеринария бөлімінің басшысы Рәсілов Сапарғали Мырзаханұлы, #23Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шинасилова Жанар Жұматайқызы қатысты. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Спанқұлова Айжан Рысқазықызына беріліп, көпшілікті ұлтымыздың ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Іс-шара аясында мектебіміздің үздік белсенді оқушылары "Жас Ұлан" ұйымының қатарына қабылданды. Іс-шараға келген қонақтарға сөз беріліп, айтулы мерекемен құттықтап, ризашылықтары мен ізгі лебіздерін білдірді. 11-сынып оқушылары 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының басталуына түрткі болған жағдайлар туралы көрініс қойды. Салтанатты шара мектеп өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

