Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде сентябрьтің 24 күні денешынықтыру пәні мұғалімі Қалманбетов Нұржан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 8-сынып оқушыларымен денешынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережесімен таныстырды. Сабақта оқушыларға арқанға шығу,кермеде тартылу,гимнастикалық снарядтарды,швед сатысында,волейбол ережесі бойынша қауіпсіздік ережесімен таныстырылды.