08
мамыр
2025
«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі"» атты салтанатты жиын
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 8 мамыр күні 9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі"» атты салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты іс -шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен басталды. Мақсаты: адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.Іс-шара барысында батырларымыздың ерлігі мен өмірлік жолы жастарға үлгі ретінде баяндалып, олардың көрсеткен қайсарлығы мен отаншылдығы ерекше атап өтілді.Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры А.Р. Спанкуловаға беріліп «Біз ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Сіздер осы тыныштықты сақтауға , ел үшін аянбай еңбек етіп, білімді, өз жеріміздің патриоттары болады деп сенеміз! Мереке құтты блсын!- деп, тілек білдірді.«Балауса» би тобының орындауында «Қамажай» биін билеп көпшіліктің көңілінен шықты.6 сынып білімалушылары Асанбек Айару мен Меркібай Еңлік ерлік, жеңіс туралы өлең шумақтарын жатқа айтты.
7 сынып білімалушыларының орндауында “Егемен ел” әні хормен айтылды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай№ 23 Тескентоған жоббм «Жас сарбаздар» бөлімшесі салтанатты шеру жүріп өтті.
«Дәл осындай жадыраңқы жай күйі,
Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны», - деп, бүгінгі 80 жеңіс көктемін көре алмай кеткен ардагерлерді бір сәт еске алып,бір минут үнсіздік жарияланды.
«Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес.
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек, - деп Сұлтанмахмұт жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміз ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды. Біздер соғыс қайталанбауы үшін, оның сұмдықтарын, сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған солдатты ұмытуға құқымыз жоқ. Біздер барлығын есте сақтауға міндеттіміз..» Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі-әлемді дүр сілкіндірген II дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетті батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес» -деп, салтаннатты жиынды аяқтадық.