12
желтоқсан
2024
Тәуелсіздік күніне орай мектептің мақтанышы желтоқсан куәгері Ж.Ж. Шинасиловамен «Тәуелсіздік - ел бақыты!» тақырыбында кездесу
2024 жылдың 12 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне орай мектептің мақтанышы желтоқсан куәгері Ж.Ж. Шинасиловамен «Тәуелсіздік - ел бақыты!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен Желтоқсан оқиғасының куәгерлерін еске алу және олардың ерлігін жастарға насихаттау. Кеште Желтоқсан оқиғасына қатысушы өзінің естеліктерімен бөлісіп, тәуелсіздік жолында жасаған күрестерін жастарға айтып берді.Іс-шара барысында Қазақстан тәуелсіздігінің маңызы мен жетістіктері жайында сөздер айтылып, еліміздің тәуелсіздігі үшін құрбан болғандар мен күрескерлердің ерлігі айтып өтілді.Мектеп директоры А.Р.Спанкуловаға сөз беріліп , Тәуелсіздік күнімен құттықтап, аудандық байқаулардың жеңімпаздарын осындай айтулы мерекеде марапаттады.. Сонымен қатар, осы мереке аясында Жас Ұлан ұйымына 12 оқушы қабылданды . Жас Ұлан ұйымы – еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпақты патриотизмге, елін сүюге тәрбиелейтін бірегей ұйым. Бұл рәсімде ұйымға қабылданған жаңа мүшелерге галстук тағылды.Оларды еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы жауапты жұмыстарға атсалысуға шақырылды. Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Біз әрқашан өз елімізді мақтан тұтып, оны дамытуға күш салатын боламыз.