22
қараша
2024
«Еңбектің бәрі құрметті, зейнеттің бәрі тәтті» тақырыбында зейнетке шығу мерекелік бағдарламасы
2024 жылдың 22 қараша күні № 23Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде «Еңбектің бәрі құрметті, зейнеттің бәрі тәтті» тақырыбында зейнетке шығу мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды .Мақсаты — оның ұзақ жылдар бойғы еңбегін, педагогикалық қызметіндегі жетістіктерін құрметтеп, қадірлеу. Сонымен қатар, бұл шара арқылы жас ұрпаққа ұстаздың еңбегінің маңыздылығын, білім беру жолындағы қажырлы еңбектің бағасын көрсету. Іс-шара барысында алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры А.Р.Спанкуловаға беріліп, «Құрметті ардагер ұстаз сізді құрметтейміз. Сіздің қадамыңыздан үлгі алып, білім жолында үздіксіз дамуымызға тілектеспіз.Ұстазымыздың жаңа өмір жолында денсаулығы мықты, бақытты болуын тілей отырып, зейнетке шығуыңызбен құттықтаймыз»-деп, тілек білдірді.Мерекелік бағдарлама барысында білімалушылар ұзтазға деген құрметтерін көрсетіп, «Ұстаз» әнін Н.Смат,Г.Алтынбектің орындауында «Анамның ақ жаулығы » әні, «Ұстаз ана »әнін С.Сатыбалды мен А.Ержанқызы айтылды. Д.Дастанқызы «Бақыт құсы » биін ,8-10 сынып білім малушылары «Махамбет » биін билеп,«Ұстазым » әнін 3-5 сынып білім алушылары хормен айтып көпшіліктің көңілінен шықыты.Шолпан апки білім мен тәрбие беріп, жас буынның дұрыс жолмен жүруіне зор үлес қосты. қажырлы еңбегі мен педагогикалық шеберлігі әрқашан үлгі болары сөзсіз. Біз үшін Шолпан Собитовна тек білікті ұстаз ғана емес, сонымен бірге ақылшы, өнегелі тұлға болып қала бермек.