04
қазан
2024
Ұстаздар мерекесі
№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2024жылдың 4 қазан күні ұстаздар мерекесі аталып өтті. Іс-шара өткізу мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Бұл мерекелік шара мектеп директоры А.С.Рысказыевнаның : «Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздердің көңілдеріңіз әр оқушының жан-дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мамандық» - деп ұстаздар қауымына деген жүрек жарды құттықтау сөзімен басталды.
Іс – шара барысында жүргізушілер жас ұрпақты ұстаздар қауымын сыйлауға, ұстаздың шәкірттерге ең беделді үлгі болатын жан екені туралы ұлылардың нақыл сөздерімен таныстырып, сондай – ақ, оқушылар өздерінің ұстазға деген сүйіспеншілігі мен тілектерін білдіріп, өнерлерін көрсетті.
Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан ұстаздардың ата-анадан кейінгі атқарар рөлі де ерекше. Сондықтан, ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Ұлт болашағын қалыптастыруда уақытпен санаспай атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге, Ұстаздар, алғыс білдіреміз»,- деп, білімалушылар да өз құттықтауларында ұстаздарына деген алғыстарын білдірді.
Мерекелік бағдарламаға аранайы шақырылған , шәкірт жолында талмай еңбек еткен ардагер ұстаздар Н.Әшірбекова, Р.Сейітбекова,Б.Орманалиева,А.Сейітова әпкиге сөз кезегі берілді.
Салтанатты шараның соңы мектептің өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты .Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдіріп, гүл шоқтарын тарту етті..