«Ұстаз – дана , бас иетін бар ғалам!» ұстаздар күніне арналған мерекелік бағдарламаның өтілуі туралы
№ 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде «Ұстаз – дана , бас иетін бар ғалам!» ұстаздар күніне арналған мерекелік бағдарламаның өтілуі туралы
Хабарлама
Қазан айында аталып өтетін мерекелер ішіндегі ең ұлық та , ұлағатты мерекенің бірі- Ұстаздар күні!Осынау ерекше күнді атап өту мақсатында қазанның 4 күні мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен №23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтау мақсатында «Ұстаз – дана , бас иетін бар ғалам! » атты мерекелік іс шара өткізілді. Ұстаз- бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып , жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге –білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады.Сіздерге мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі , ең мерейлі әрі аса жауапты мамандық – деп, алғашқы мерекелік іс- шараны бастау құттықтау сөзі мектеп директоры Арыстанбеков Нұржан ағайға берілді. Мерекелік бағдарламада 10- сынып оқушылары «Ұстазға мың тағзым » әнін,7- сынып оқушылары «Ұстазым » әнін т.б әндер айтылып көпшілік көңілінен шықты. Жапар Азат, Жимахан Асель, Әбдірасил Ақбота , Жабықбай Бегімай ұстаз қауымына арнап өлең шумақтарын тарту етті.Мектебіміздің 11 –сынып оқушылары мектеп ауласынан ұстаздарын күтіп алып гүл шоқтарын тарту етіп, ұстаздарға арнап өлең шумақтарын айтып, әсем әнмен қарсы алды. Құттықтаулар мен ашық хаттар , гүлдер сыйлады.