07
наурыз
2024
"Ана өмірдің гүлі " атты мерекелік концерт өтті
2024 жылдың 7 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде білімалушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу, қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу. Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Халқымыздың салт - дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында "Ана өмірдің гүлі " атты мерекелік концерт өтті.
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы арулар тақырыбында болды.
Мектеп директоры А.Р.Спанкулова нәзік жанды әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтады. Облыстық , аудандық олимпиадаларда жеңімпаз болған білімалушылар мен ұстаздар марапатталды. Сондай-ақ, мерекелік бағдарламаға арнайы шақырылған ардагер ұстаздарға Әшірбекова Нүриза әпки мен Орманалиева Балзия әпкиге сөз кезегі беріліп, жылы лебіздерін білдірді.. Концерт барысында әйелді ана ретінде асқақтатқан әсерлі өлеңдер оқылып, ер азаматтар атынан мектебіміздің ардагер ұстазы Құрманалиев Рахат ағай сөз сөйлеп, нәзік жандыларға тілек айтып, гүл шоқтарын сыйға тартты. Концерттік бағдарлама аясында мектеп ұжымы «Татар биін» билеп, білімалушылар «Ана туралы жыр», «Ана», «Бауыр керек» «Достар әні» әндерін айтып, «Дәстүр» би тобының орындауында «Қаражорға », «Өзбек» биі, «Батыр » шағын балабақша бүлдіршіндерінің орындауында «Тюльпан» биін билеп көпшіліктің көңілінен шықты. « Құрметті аналар, ұстаздар, арулар көктемдегі күндей құлпырған мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, мереке мерекеге ұлассын»,-деп мерекелік кешті аяқтадық.




















