"Алғыс айту - парызым!" атты мерекелік концерт » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алғыс айту - парызым!" атты мерекелік концерт
01
наурыз
2024

"Алғыс айту - парызым!" атты мерекелік концерт

№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде   2024 жылдың 1 наурыз күні  5-6-7 сынып білім алушыларымен "Алғыс айту - парызым!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.  1 Наурыз "Алғыс айту" мерекесіне орай  білім  алушылар  мектеп ұжымын шын жүректен  алғыс айту күнімен құттықтады! Шәкірт үшін барлық қиындыққа төзетін, алақаны аялы ұстаздар қауымына шексіз алғыстарын білдірді. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Сондай-ақ оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту мақсатында  өнегелі әңгімелер айтылып, шәкірттерінің өнерлеріне ұстаздар  алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.Сөз кезегі мектеп директоры          А.Р. Спанкуловаға беріліп , «Сіздерге осы мерекеде отбасыларыңызға береке – бірлік, үнемі жақындарыңызды қуантып, жылы сөздеріңізді арнап жүре беріңіздер, ал сіз бен біз тәрбиелеп, өсіріп жатқан ортақ жемісіміз балалардың болашағы жарқын болсын, жан – жақты рухани – адамгершілігі мол салиқалы ұрпақты нәсіп етсін. Мың сөздің орнына «рахмет» деп, бірақ сөзбен алғыс білдіруге болатынын естен шығармайық»- деп,  тілек білдірді. Білім алушылар «Достарым », «Әке  Ана», «Туған жер», «Ұстазым» әндерін  айтып , «Дәстүр » би тобы «Дала ерлері » биін билеп  көпшілік көңілінен шықты. Облыстық , аудандық  олимпиада кезеңінде бағы жанған озық ойлы білімалушылар   дипломдармен марапатталды. « Алғыс сөздерінде бір сыйқырлық бар — олар арқылы біздер бір бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз, рахмет сөзін айту — адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері- адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден бір амалы. Бастысы, алғысымыз жүректен шығуы шарт»- деп, мерекелік бағдарламаны аяқтадық.
Ұйымдастырған :  Ануарбекова Н,Сейітбеков Е, Шолпанбаева П.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив