Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне № 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 12 ақпан күні «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысының аяқталуына 31 жыл толуына орай өткізілген кездесу кешінің өтілуі туралы Хабарлама
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне № 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 12 ақпан күні «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғысының аяқталуына 31 жыл толуына орай өткізілген кездесу кешінің өтілуі туралы
Хабарлама
Кештің мақсаты: Ауған соғысының аяқталуына 31 жыл толуына орай айтулы күнді атап өту. Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту. Тарихи оқиға туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, бейнесюжеттер.
Іс-шараға Ауған соғысының ардагері Рахымбаев Билібек шақырылды. «Ауған соғысы: тарих, шындық, тағылым» тақырыбында баяндама оқылып, слайд көрсетілді.
Аталған тарих беттерін парақтап, бүгінгі күнге жетіп отырған ағаларымызбен сұхбаттасу үшін ардагерлерімізді әңгімеге тартып, Билібек ағаға:
Ауған соғысы ардагерлеріне қаншалықты қолдау көрсетіліп отыр? Сіздің пікіріңізше, сол қолдау жеткілікті ме?
Қазіргі алдыңызға барған жастар бойынан қаншалықты патриоттық сезімді бақылай аласыз?
Ауғанстан жерінде бірге өткізген күндеріңіздегі қарулас жолдастарыңызбен хабарласып тұрасыз ба?»- деген сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Ауғанстан жеріндегі соғыс қимылдары жайында әңгімелеп берді. 6- сынып оқушыларының орындауында «Егемен ел » әні ,Орынбасар Н. орындауында «Екі жирен» әні, «Атамекен » әні , көркемдік жетекші Е.Сейітбековтың орындауында «Ағажан » әні орындалды.
Шараға қатысқан ардагер ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды. «Мерекелеріңіз құтты болсын. Қатарларыңыз сиремей, елдің рухын көтеріп, жылдан жылға, аман есен жүре беріңіздер демекпіз. Хош, сау болыңыздар!»- деп, мерекелік бағдарламызды аяқтадық . Барлығы жиналып естелік суретке түсті
