Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне №23 Тескентоған ЖББМ «Ұлылардың ұлысы-Абай » тақырыбында өткізілген әдеби сазды – кештің өтілуі туралы Мәлімет
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне №23 Тескентоған ЖББМ
«Ұлылардың ұлысы-Абай » тақырыбында өткізілген
әдеби сазды – кештің өтілуі туралы
Мәлімет
Әлем мәдениетінің ұлы ойшылы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде « Ұлылардың ұлысы – Абай » тақырыбында әдеби танымдық кеш өтті. Бұл кештің басты мақсаты - әлемдік әдебиет тарихында ерекше орын алатын шығармаларды тыңдаушылар мен жастарға жеткізу болды. Кемеңгер Абай атамыз туралы, оның ақындығы, ойшылдығы, дарындылығы жөнінде талай ғалымдар мен әдебиетшілер жазған, жазып келеді, жаза да бермек.Шараға мектебіміздің 2-3-4-5-6-5-7-8-9-11 сынып оқушылары қатысып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, көркемдік жетекші музыка пәні мұғалімдері атсалысты.Абай Құнанбаевтың қарасөздерін, сондай-ақ, Абайдың шығармашылық мұрасы мен тұлғалық қасиетіне қатысты сан алуан деректер келтіріп, Абай жалғыз қазақтікі емес адамзаттың Абайы екендігі туралы ойларымен бөлісті.Әдеби-сазды кеш ақынның адамзатқа ұстаз болған қара сөздері мен сөз өнеріне өрілген өлеңдерімен бастау алып, “ Желсіз түнде жарық ай”, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас» әндері айтылып, тыңдармандарға ерекше әсер қалдырды.
«Кейінгі толқын ұрпақтарына қалдырған ақын шығармалары әр бала үшін өшпес мұра, таусылмайтын қазына екені белгілі. Оқушылар көкіректеріне тоқып, көңілдеріне шамшырақ етіп алары сөзсіз»- деген сенімдеміз.