№ 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде Алғыс күніне арналған «Ризашылық - мейірімділік бұлағы » жалпыұлттық мәдени –білім беру жобасының іс- шараларының өтілуі туралы
№ 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде Алғыс күніне арналған «Ризашылық - мейірімділік бұлағы » жалпыұлттық мәдени –білім беру жобасының іс- шараларының өтілуі туралы
1-наурыз Алғыс күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени –білім беру жобасының жоспары бойынша «Мен алғыс айтамын», «Жүректен жүрекке » тақырыбында 20-26 ақпан күндері аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында шығарма байқауы өткізілді. Жимахан Асель «Ата- анаға құрмет» тақырыбында өз шығармасын оқып, «Жұлдызай»тобы би билеп, оқушылар ұстаздарға алғыстарын өлең жолдары арқылы жеткізді. Қабырға газеттері шығарылды. Стенд жасалып оқушылар ұстаздарға алғыстарын білдірді. Осы мерекеге орай қарттарымызға , олардың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сый құрмет -көрсету мақсатында 7-11 сынып оқушылары Аққайнар ауылының тұрғыны Қамбаров Өтешбай ақсақал мен Тескентоған Жолдасбай атаның үйіне барып көмек көрсетілді. 10-11 сынып оқушылары су ағатын арықты тазалап , ауласын тазалап берді. Қыз балалар ауласын сыпырып . үй шаруасына көмектесті27 ақпан күні «Ауғанның отты жалыны » кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: Ауған соғысының аяқталуына 30 жыл толуына орай айтулы күнді атап өту. Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту. Тарихи оқиға туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шараға Ауған соғысының ардагері Рахымбаев Билібек шақырылды. 6- сынып оқушыларының орындауында «Егемен ел » әні ,Орынбасар Н. орындауында «Екі жирен» әні, «Атамекен » әні , мектептің көркемдік жетекшісі Е.Сейітбековтың орындауында «Ағажан » әні орындалды.
Шараға қатысқан ардагер Рахымбаев Билібек ағамыз оқушыларға ерліктері патриоты болуға шақырды.
28 – ақпан күні «Ризамын» флешмобы ұйымдастырылды.