02
ақпан
2022
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айының 2 күні Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен концерттік іс-шара өткізілді.
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айының 2 күні Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен концерттік іс-шара өткізілді. Оқушылар қонақтарға арналған өлеңдерін айтып, би билеп, мәнерлеп көркем сөз оқып өз өнерлерін көрсетті. Ардагерлер оқушыларға тілектерін айтып, естелік суреттерге де түсті. Концерттік іс-шарадан кейін Ардагерлер және мектеп директоры Спанкулова Айжан Рысказықызы оқушылармен бірге Тескентоған ауылының тұрғыны, Ауған соғыс ардагері, Меркі ауданының Құрметті азаматы Рахымбаев Билібек ағаның үйіне барып, Ауған соғысы ардагеріне арналған тақтайшаның ашылу салтанатын жасады. Жат жерде болса да жан беріп, жан алысқан жауынгерлер ерлігін ертеңге жеткізу үшін осындай іс-шара өткізілді. Бұл бастамалар қашанда болашақ ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие берері сөзсіз.









