02
маусым
2025
"Алтын балалық шақ" тақырыбында мерекелік ашылу салтанаты
2025 жылдың 2 маусымында «Балдаурен» мектеп жанындағы жазғы лагерінде "Алтын балалық шақ" тақырыбында мерекелік ашылу салтанаты өтіп, балалар ән айтып, би билеп, «Көңілді серігу» ұйымдастырылып, түрлі ойындарға қатысты. Сонымен қатар, «Түрлі-түсті әлем» атты шығармашылық іс-шара барысында балалар асфальтқа түрлі тақырыпта сурет салып, қиялдарын еркін көрсетті.
Ауылымыздың тұрғыны Омаров Есей балаларға демеушілік жасап, балмұздақ пен тәттілер таратты. Балалар үшін бұл ерекше қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл күй қалыптастырды.
Лагерьдегі алғашқы күн қызықты, мазмұнды әрі тәрбиелік мәнге толы өтті. Балалар лагерь ортасына оңай бейімделіп, бір-бірімен достасып, ұжымдық іс-әрекетке белсенді қатысты. Іс-шаралар балалардың көңіл-күйін көтеріп, шығармашылықтарын дамытты.