№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 1-Маусым баларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл қарсаңында 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді.Осы орайда № 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың жеке қасиеттерін дамыту , бір-бірін сыйлауға , адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Жылына бір келетін мерекеде балаларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлап, қуаныштарымен бөлісу мақсатында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Шара барысында бүлдіршіндер көңілді ән дер айтып, би билеп, жатқа өлеңдерін оқыды.Мектебіміздің физика пәні мұғалімі Сейітова Ақмарал апайға сөз беріліп, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтап, балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке екенін айтып өтті. Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Жасампаз істердің барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін жасалып жатыр.Барлықтарыңа мықты денсаулық, баянды өмір, бақытты балалық шақ тілеймін»-деп, жылы лебізін білдірді. Мерекелік бағдарламадан кейін балалар асфальтқа сурет салу байқауын ұйымдастырылды. Жас суретшілердің қиялына толық еркіндік бере алатын үлкен алаң берілді. Балалар қолдарынан шыққан туындыларын сүйікті Отанымен байланыстыруға тырысты.Олар қуанышты көңіл –күйде түрлі –түсті борлармен сурет салды. Жүздеріңнен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал жүректеріңе тек мейірім мен шапағат ұяласын- деп, мерекелік іс-шарамыздың соңында ДТЖО Абдрасилов Ғани, ағылшын пәні мұғалімі Ардабекова Іңкәр мен бастауыш сынып мұғалімі Әлімсейітова Сандуғаш демеушілік көрсетіп, балаларға тәтті балмұздақ, сусындар, тәттілер таратылды.
Халқымызда «Адам ұрпағымен мың жасайды» - деген қанатты сөз бар. Өсіп келе жатқан балаларымыз жақсы білім алып, келешекке нық қадам бассын»-деген ниетпен іс шарамызды аяқтадық.