27
желтоқсан
2023
№23 Тескентоған жалпы орта мектебінде балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру.
№23 Тескентоған жалпы орта мектебінде балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру мақсатында желтоқсанның 26 күні мектепалды сыныбы және 1-4,5-6 сынып оқушылар арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп акт залы әсем безендіріліп шырша құрылды.Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне 9-11-сынып оқушылары белсене қатысты. Мектепалды сыныбы мен 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Армысың, Жаңа жыл» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді.ДТЖО Ғ.Абдрасиловқа құттықтау сөз кезегі беріліп , «Жаңа жыл сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін! Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке ұласа берсін! Оқуда озат болыңыздар » -деп, тілек білдірді.Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Нәтижесінде, мектебіміздің жаңа жылдық мерекесі жақсы деңгейде өтті. Қоян жылын артқа тастап, міне ұлу жылын да қарсы алдық. «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа»- демекші айтулы мереке біздің білім ошағымызда да аталып өтті.
Аяз Ата мен Ақшақармен бірге балалар ойын ойнады, биледі, балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. Барлық балалар тәтті сыйлықтар Аяз Атадан алды.Білім алушылар би билеп, ән салып, Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. Жаңа Жылдың мерекесі жақсы өтті! «Жаңа жыл! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттеріжыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!» -деген ниетпен мерекелік бағдарламаны аяқтадық.