01
қыркүйек
2024
"Мектебім -мейірім мекені" тақырыбында 1-11 сынып оқушылары үшін салтанатты жиын
2024 жылдың 1-қыркүйегінде №23Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде "Мектебім -мейірім мекені" тақырыбында 1-11 сынып оқушылары үшін салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара барысы ҚР-ның Әнұранымен ашылды. Мектеп директоры. А.Р.Спанкулова өскелең ұрпақты тәрбиелеу- мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екендігіне тоқтала отырып, барша ата- аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Аудандық білім бөлімінің әдіскері- Абенова Ләззат Ақылбекқызы,аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің маманы Жантайбеков Оразбай Шайдазымұлы, мектебіміздің ардагер ұстаздары іс -шараның құрметті қонақтары қатарынан табылды. Алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 1-сынып оқушысы Смат. Ұлдана мен 11-сынып оқушысы Марат Нұрзадаға табысталды. Мектеп табылдырығынан енді ғана аттаған бүлдіршіндерге білім нәрімен сусындап,ақылды азамат, отансүйгіштік рухтарының мықты болуын тілейміз! 11-сынып түлектеріне асқар шыңдардф бағындырып,қонар тұғырлары биіктей берсін, жаңа оқу жылы табысты болсын деп тілейміз.
