30
мамыр
2024
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс- шара
№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 30 мамыр күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс- шара өткізілді. Мақсаты: Әрбір баланың тәтті қылығы, тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкісі маңызды екенін түсіндіру,балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету. Бір- бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Бала - өмірдің жалғасы, елдің болашағы. ДТЖО Ғ.Абдрасиловқа сөз кезегі беріліп, барша бүлдіршінді мектебінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтап, жаздың алғашқы күнімен келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке екенін айтып өтті. Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын! Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар! Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін!»- деп , тілек білдірді.Іс -шара барысында мектеп білімалушылары «Болайықшы осындай», «Жас дәуірдің түлегіміз», «Анашым» , «Мектебім» әндерін айтып, балғын балалық шақ туралы өлеңдерін жатқа айтты.
«Қымбатты балалар! Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер! Сондықтан да, Сіздер, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек.
Сендердің оқуда озат болуларыңа, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспіз!» - деп, іс- шарамызды аяқтадық. «Біз бақытты баламыз! » тақырыбында асфальтке сурет салды.