Террористік терракт туралы жалған ақпараттар таратудың алдын алу
Террористік терракт туралы жалған ақпараттар таратудың алдын алу тақырыбында ағымдағы 2024 жылдың 21 ақпан күні Меркі АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі А.Копбаев пен ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының инспекторы Е.Оспанбеков, мектеп директоры А.Спанкулова және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Абдрасилов мектеп білім алушылары арасында террористік теракт туралы жалған ақпараттар таратудың алдын алу бағытында түсіндірме жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында елімізде соңғы уақыттарда адамдар көп жиналатын сауда орталықтары, банктер, әуежай, мектеп және т.с.с тағы басқа жерлерде жарылғыш заттарының қойылғаны туралы жалған ақпарат беретіндердің көбейіп бара жатқандығы айтылып, ал ондай заң бұзушылық әрекеттері үшін әр адам заң алдында жауапкершілікке тартылатындығы туралы айтылды. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 3-бабында Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың барысы туралы жан-жақты баяндалатындығы туралы кеңінен ақпараттар берілді. «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін» (ҚР ҚК-ның 273-бабы) бес мың айлық есептік көрсеткішке дейнгі мөлшерде айыппұл (14,5 миллион теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары түріндегі, сондай-ақ бес жылға дейінгі терзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген.