09
қаңтар
2024
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде «Қыз тәрбиесі — қоғам тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 9 қаңтар күні мектеп психологының уақытша міндетін атқарушы Н.Ануарбекованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып қыздарымен «Қыз тәрбиесі — қоғам тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс -шараға мектеп директоры А.Р.Спанкулова , мектеп мейірбикесі Қ.Бралиева, социолог Д.Қыстаубаева . 8-11 сынып қыз балалары қатысты.Мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріліп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін де айтып өтті.
Аталмыш шарада мектеп директоры А.Р.Спанкулова сөз сөйледі. өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды.
Сонымен қатар, қыздарға мейрамханаларда , тойханаларда даяшы , суретке түсіруші (фотогроф) болып түнгі мезгілде жұмыс істемеу туралы қатаң ескертілді.
Қыз баланы тәрбиелеу — ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту, қыз тәрбиесіне ерекше назар аудару мақсатында өткізілген дөңгелек үстелде еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.
Ұйымдастырған мектеп психологының уақытша міндетін атқарушы Н.Ануарбекова