08
қаңтар
2024
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектеп медиациясы » жобасы
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 8 қаңтар күні мектеп психологының уақытша міндетін атқарушы Н.Ануарбекова «Мектеп медиациясы » жобасы бойынша «Біз нені жақсы көреміз?» тақырыбында 9 сынып білімалушыларымен тренинг өткізді. Мақсаты : білімалушылардың арасында қарым-қатынасты нығайтып, жағымсыз көңіл-күйден арылуға және өздерін еркін сезінуге көмектесу. Тренинг барысында адамдардың қандай қасиеттерін бағалайтынымызды және қабылдайтынымызды анықтау үшін таза парақ алып, топтан бір оқушыны алып, өзіне ұнайтын бес қасиетін көрсетіп, мінездеме берді. Оқушының аты аталмайды, жазылмайды. Ол кімге арналып айтылғанын, кімге байланысты екенін қатысушылар анықтап айтып шықты. Тренингке мектеп директоры А.Р.Спанкулова қатысып, мектептік медиацияның білімалушылардың үлкен өмірге аяқ басуына , әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесетіндігін алға тартты.Сондай -ақ , мектепте өзіндік татуластыру қызметі өте маңызды екенін айтып, мектеп қабырғасынан бастап мақсатты түрде дамытып, өскелең ұрпақты дауды немесе жанжалды шешуге медиативтік көзқараспен қарауға үйрететін татулық кілті екенін түсіндірілді.
Ұйымдастырған мектеп психологының уақытша міндетін атқаршы Н.Ануарбекова.
Ұйымдастырған мектеп психологының уақытша міндетін атқаршы Н.Ануарбекова.
