21
қараша
2022
2022 жылдың 21 қараша күні «Өзін –өзі басқару» ұйымының парламент мүшесі Марат Нұрзада
2022 жылдың 21 қараша күні «Өзін –өзі басқару» ұйымының парламент мүшесі Марат Нұрзада мен мектеп медбикесі Бралиева Құралайдың ұйымдастыруымен 9-11 сынып білімалушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелдің мақсаты – нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы жайында түсіндіру, білімалушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Дөңгелек үстел барысында нашақорлар және олардың күнделікті өмірлері жайында, нашақорлықтың таралу жолдары туралы талқыланып мектеп медбикесі «Біздің ғасырымыздың басты дерті — нашақорлық» тақырыбында баяндама оқыды. Дөңгелек үстел барысында «Нашақорлық ортақ қасірет», «Темекінің зияны» атты бейне фильмдер көрсетілді. Іс шара аяғында оқушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, зиянды әдеттерге әуес болмауға шақырды.



