28
желтоқсан
2023
№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде «"Төрлет құтты, Жаңа Жыл!» тақырыбында балмаскарад кеші өткізілді.
№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде «"Төрлет құтты, Жаңа Жыл!» тақырыбында балмаскарад кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы толық мағлұматтар бере отырып, оқушылар бойында еліне, халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін, өмірге деген сенімдік көзқарастарын тудыру, танымдық іс-әрекеттерін дамыту. Мерекелік көңіл-күй тудыру, Жаңа жыл мерекесі туралы толық мағлұматтар беру, ойындар өткізуілді. Мерекелік кешке 7-8-9-10- 11 сынып білім алушылары түгел қатысты.
Зал қабырғасына әр түрлі ою, шарлар, құттықтау сөздер, қыс, жаңа жыл туралы салынған суреттер ілінген. Оқушылардың барлығы сәнді кеш киімдерін киіп, зал ішінде жаңа жылдық жақсы көңіл күй сылайтын музыка ойнап ортаға жүргізушілер шықты.
“Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді мектеп директоры А.Р.Спанкуловаға беріліп, «Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Ұлу жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін. Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін! Алдағы жылы оқушыларымыздың жұлдызы жансын!»- деп, тілек білдірді. «Мерекеге келген құрметті қонағымыз Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері Әбенова Ләзат Ақылбековнаға сөз кезегі беріліп, « Құрметті ата - аналар, қонақтар және оқушылар. Жаңа 2024жыл - "Ұлу жылы" бәрімізге құтты болсын. Жаңа жыл тек қана денсаулық, отбасымызға бақыт, жұмыста жаңа жетістіктер мен табыс әкелсін. Оқушыларымыз оқуда озат болып, биіктен көрінсін» - деп, жылы лебізін білдірді. Мектебіміздің жас өнерпаздары «Бақыт деген», «Жылайды жапырақ», «Жаңа жыл» әндерін шырқап көпшілік көңілінен шықты. Аяз ата мен Ақшақар да Жаңа жылға тілек арнады. Түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, кештің соңы би кешімен жалғасты.