Меркі аудандық білім бөліміне «Жайна мәңгі Тәуелсіз ел- Қазақстан ! » 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген мерекелік бағдарламаның өтілуі туралы » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Меркі аудандық білім бөліміне «Жайна мәңгі Тәуелсіз ел- Қазақстан ! » 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген мерекелік бағдарламаның өтілуі туралы
13
желтоқсан
2019

Меркі аудандық білім бөліміне «Жайна мәңгі Тәуелсіз ел- Қазақстан ! » 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген мерекелік бағдарламаның өтілуі туралы

    № 23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде  2019 жылдың 13 желтоқсан күні   «Жайна мәңгі  Тәуелсіз ел- Қазақстан ! » 16- желтоқсан  Тәуелсіздік күніне орай мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

 «Еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды.Осының бәрі- тәуелсіздігіміздің   нәтижесі.Қол жеткен жемісі.28 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеттік »- деп,  тәуелсіздік күнімен  құттықтап оқушыларға оқуда озат болуларына тілек білдірдік. Серікқұл Ерасылдың орындауында «Ассаламағалейкум » әні,  7- сынып оқушыларының  орындауында «Тәуелсіз Қазақстан», «Қарабауыр қасқалдақ» , «Егемен ел» әндерін , 8- сынып   оқушылары «Желтоқсан желі » әнін хормен орындап    , «   Желтоқсан оқиғасы »   атты көріністі қойып, көпшілік көңілінен   шықты.Осы мереке қарсаңында  5 сынып оқушылары «Жас Ұлан » балалар ұйымының қатарына қабылданды.
  Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының қатарына өтудің жауапкершілігі мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. Өйткені, «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі Қазақстан Республикасының 16 желтоқсандағы Тәуелсіздік  күні мереке қарсаңында өтті. «Жас Ұлан» ұйымына   белсенді  10   оқушы қабылданды. Ұйымға қабылданушы оқушылар өз Отанының патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді.

Жас қабылданушыларға көгілдір галстуктары тағылды .   ДОІЖО    Амирова  Назым апки   «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға  құттықтау тілегін айтты.«Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын »-деп ,   мерекелік бағдарламамыз  өз мәресіне жетті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив