№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде өткен«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте »атты апталық аясында атқарылған іс- шаралар туралы » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде өткен«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте »атты апталық аясында атқарылған іс- шаралар туралы
16
қыркүйек
2019

№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде өткен«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте »атты апталық аясында атқарылған іс- шаралар туралы

№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде өткен«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте »атты апталық  аясында атқарылған іс- шаралар өтті.

Қазақ тілі – дамыған ,жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Сондықтан халық өзінің тілін ең ардақтысы деп санайды, оны ерекше сүйеді. 

   «Қазақстан халқы тілдерінің күнін»  мерекелеудің негізгі мақсаты- Қазақстан сияқты бірнеше ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты біздің мектебімізде «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте »   тақырыбында апталық ұйымдастырылды.

  Апталықтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінде пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін және тіл байлығын жетілдіру, балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу. Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, шығармашылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру. 

Тіл мерекесінде:

 16.09 күні апталықтың ашылуы ұйымдастырылып «Ана тілім- ардағым» атты баяндаманы Нұрмаханова Б оқыды.

17.09 күні 7  сынып оқушыларымен  «Тіл –достықтың тірегі» тақырыбында қазақ тілі пән мұғалімі Шинасилова Ж. сыныптан тыс сабақ өткізді. Ол жерде тіл туралы ән мен өлеңдер оқылды. Балалар бұл кешке қатыса отырып, ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі екенін және рухани азығынан нәр алатынын сезінді. Кеш үш тілде өтті . 

 

18.09 күні 9-10сыныптар арасында Шинасилова Ж. «Дарынды баламын» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Сайыс сегіз кезеңнен  тұрды. Сабақың мақсаты: көп лингвистикалық көп  мәдениетті тұлғаны қалыптастыру. 


18.09 күні қазақ тілі пәні мұғалімі Нұрмаханова Б.  «Тіл мерейі – ел мерейі» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді.

19.09 күні ағылшын тілінен 11сыныппен сыныптан тыс сабақ өтті. Жас маман Боранбай Әсел сыныптан тыс сабақ өткізе отырып, оқушылардың тілге деген  қызығушылығымен мен сүйіспеншілігін арттырды. Мұнда екі топқа оқушыларды бөліп, сұрақтар қойылды. Дұрыс әрі тез жауап бергендер жоғары бағаланып отырды. 

  19 .09 күні 10-11 сыныптар арасында «Вперёд эрудиты» атты сайыс сабақты Умирбекова Роза  ұйымдастырып өткізді. Оқушылар екі топқа бөлініп орыс тілінде фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар өткізіп осы тілге деген қызығушылықтарын көрсете білді. Сонымен қатар орыс тілінде мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтылып, ребустар, кроссвордтар шешілді. 


20.09 күні «Если дружат языки, дружат и народы »тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабақ үш тілде өтті .  Осы іс-шаралардың мақсаты оқушылардың орыс тілінде сөйлей білу, сөздік қорын нығайту және де өз ойларын, пікірлерін жеткізе білу. Мұнда оқушылар өлеңді жатқа айтып, көрініс көрсету арқылы осы тілге деген сезімді білдіре отырып мақсатқа жетті.

23.09 күні бірлестік мүшелері арқылы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сынып оқушыларының арасында концерттік бағдарлама және апталықтың жабылуы өтті. Бұл іс- шараның мақсаты - оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Тез ойлауға, тез сөз тауып сөйлеуге үйрету көзделген. Сонымен қатар олардың өз ұлтына деген, өз тіліне деген сезімдері байқалды. Бағдарлама барысында бірнеше кезеңдермен  жұмыс жүргізіліп оқушылар  өз білімдерін ортаға салды. Нәтижесінде әр белсенді қатысқан сыныптар жүлделі болып, өздерінің тілге деген құрметтерін білдірді. Сонымен қатар бөлек оқушыларда мақтау қағаздарымен марапатталып, оларға алғыс айтылды.

 17-21.09 аралығында 5-11 сыныптар арасында  «Тіл» туралы эссе жазу байқауы өтті.  Апталықтың жабылуында жүлделі орын алған оқушылар марапатталды. 

  16-23.09 аралығында кітапханашы Бәделқызы Бақдар «Тіл-елімнің тірегі» тақырыбында көрме ұйымдастырды. 1-11 сыныптарда осы мерекеге байланысты сынып сағаттар өткізілді.

 23.09.2019 жылы  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте »  тақырыбында өтілген Тілдер апталығының жабылуы өтті. Ол жерде апталыққа өте жақсы қатысқан оқушылар марапатталды. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив