№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 20-31 қаңтар аралығында МИФ апталығы өтті.Тақырыбы «Әлемнің ғажайып үш тірегі»
№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 20-31 қаңтар аралығында
МИФ апталығы өтті.Тақырыбы «Әлемнің ғажайып үш тірегі» Мақсаты:Оқушылардың бойында білімге деген қажеттелікті сезіну,білім алу үшін өз бетінше іздену,
жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу сабақта ғана емес,сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек
20.01.2020ж Апталықтың ашылуы. Бұл күні апталықтың тақырыбы, мақсаты және жоспарымен таныстырылды.
М-математика ғылымдар патшасы
И- информатика ақпараттар ғылымы
Ф-физика табиғаттың патшасы


22.01.2020 күні математика пән мұғалімі Құрманалиев Рахат 11 сыныптар арасында «Сөнбес жұлдыздар» деген математикалық кеш өткізді.

12.02.2020 күні 8-сыныптар арасында физика пәні мұғалімі Сеитова Ақмарал қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан, ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Ұлы халықтың - ұлы Абайы ”атты әдеби-сазды кешін өткізді.

24.01.2020 күні информатика пәнінен Қыстауова Алия 8-сыныпта «Кіріктірілген функциялар» тақырыбында ашық сабақ өтті.

31.01.2020 күні апталықтың жабылуы өтті.Қорыта келе ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері,қоғам,халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі.Ол-әрі ғалым,әрі шешен,әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады,болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.