18
желтоқсан
2024
"Баскетбол. Допты алып жүру және себетке лақтыру"
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 18-желтоқсан күні Көркем эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің айлығы барысында дене тәрбиесі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы: "Баскетбол. Допты алып жүру және себетке лақтыру". Сабақтың мақсаты: Түрлі қимыл-қозғалыс арқылы допты алып жүру және себетке лақтыру жаттығуларын орындау. Ойын барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Оқушылар сапқа тұрғызылып рапорт қабылданды. Алаңды айнала орта жылдамдықпен жүгіру және жалпы дамыту жаттығулары орындалды. "Санамақ" әдісімен оқушылар үш топқа бөлініп, "серпілген сауал" әдісі бойынша үй тапсырмасына жауып берді. Жаңа сабақтың тақырыбын жасырылған суреттер арқылы тапты. Сабақ барысында оқушылар жеке және топтық жаттығуларды орындады. Тапсырманы жақсы орындаған оқушылар және топтар қол шапалақтау және жеке мадақтау арқылы бағаланды. Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, қорытынды жасалынды. Пән мұғалімі Хамзаев Қанат
