30
қыркүйек
2024
"Допты жоғарыдан екі қолмен қабылдау әдістері"
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 30-қыркүйек күні "Волейбол" үйірме жетекшісі Хамзаев Қанаттың ұйымдастыруымен "Допты жоғарыдан екі қолмен қабылдау әдістері" тақырыбында сабақ өткізілді. Сабаққа қатысушылар екі топқа бөлініп, денені қыздыру жаттығулары орындады. Берілген тапсырма бойынша оқушылар допты жоғарыдан ойынға қосу және допты жоғарыдан екі қолмен қабылдау жаттығуларын орындады. Жаттығулар орындау кезінде оқушыларға қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
