10
қазан
2024
Допты командалас серігіне төменнен және жоғарыдан беру жаттығулары
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 10-қазан күні "Волейбол" үйірмесі бойынша жетекшісі Хамзаев Қанат сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Допты командалас серігіне төменнен және жоғарыдан беру жаттығулары. Сабақтың мақсаты: Ойынның әдіс-тәсілдерін үйрету және ойыншылардың қимыл-қозғалысын, ептілігін,күшін, шапшаңдығын дамыту. Өз еркімен шешім қабылдауға тәрбиелеу. Сабақ барысында ойыншылар дене қыздыру жаттығуларын орындағаннан кейін, допты командалас серігіне төменнен және жоғарыдан беру жаттығуларын пысықтады. Жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау жөнінде ескертулер жасалынды. Жаттығулар аяқталғаннан соң ойыншылар екі топқа бөлініп, ережеге сай ойын ойнады.
