"Буллингтен қорған" тақырыбында тәрбие сағаты
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 10.02.2025ж күні 9 сынып білім алушыларымен "Буллингтен қорған" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: "буллинг" сөзінің мағынасын ашу, таныту, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайлардың алдын алу, сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Умирбекова Роза.