10
ақпан
2025
"Кітап - сарқылмас қазына" тақырыбында сынып сағаты
№23 Тескентоған жоббм 10 ақпан күні 6 сынып оқушыларымен "Кітап - сарқылмас қазына" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және оқуға деген қызығушылықты арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. Кітапқа ұқыптылықпен қарауға және оны қадірлеуге тәрбиелеу. Жамбыл облысында «Тараз - кітап оқитын қала» жобасы аясында 2025 жыл «Кітап оқу жылы» болып жарияланғаны және "14 ақпан - халықаралық кітап сыйлау күні" туралы хабардар ету. Сынып жетекшісі: Ж.Наурызбаева
